Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт мейрамы аталып өтті.
Таңғы сағат 06:00-де айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.
Ұлық мейрамда ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Одан кейін, облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Аманжолов Сұлтан айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, мейрамды берекелі, сауапты өткізуге шақырды.
Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді.
Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады.
Жылдағы үрдіс бойынша мешіт ауласында айтшылап келушілерге арналып қазақ үй тігіліп, мерекелік бағдарламалар жалғасын таппақ.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі