ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігіне қарасты құрбандық орындарында құрбан шалу рәсімі басталып кетті.
Таң сәресімен бір сапта тұрып, айт намазын оқыған жамағат ұлық мейрамның негізгі шарты саналатын құрбан шалу рәсімін жүзеге асыруға кірісіп кетті.
Жылдағы дәстүрге сай Қарағанды қаласы бойынша үш мал соятын орындар белгіленген болатын. Олар:
- Резник көшесі, 18 (ЖК «Әбішева А. О».);
- Гоголь көшесі, 2/23 («Арай kz» ЖШС);
- Сейфуллин көшесі, 53 («Хасенов» ШҚ).
Құрбал шалу биыл ел аумағында онлаин және оффлаин форматта жүзеге асады.
Құрбандық еті «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж, көп балала отбасыларға, жалғыз басты аналарға және жетімдер үйі мен қарттар үйіне үлестіріліп беріледі.
Үлестіру жұмыстарына мешіт шәкірттері мен еріктілер тобы жұмылдырылмақ.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі