Center Image
IHSAN.KZ
ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫНДАҒЫ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ»
ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫНДАҒЫ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ»

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық  «Әнет баба» мешітіне жиналған мұсылман жамағаты айт намазын оқып болысымен алғашқы сауапты амалдарын мешіт ауласында жалғастырып, құрбан айт мейрамының құрметіне орай  ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.

«Әнет баба» мешітінің әйел ұстаздары мен шәкірттерінің ұйымдастыруымен жыл сайын өтізіліп келе жатқан «Қайырымдылық жәрмеңкесі» жамағатты дәмі тіл үйірген тәттілер мен буы бұрқыраған ыстық тағамдарымен қарсы алды.

Бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырылған «Қайырымдылық жәрмеңкесінің» шарапатын жақсы білетін жамағат сауда көрігін бірден қыздырып жіберді. Айта кетейік, әр жәрмеңкеден түскен қаржы түгелімен қайырымдылық шараларына жұмсалып келеді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz