ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен облыстық «Әнет баба» мешітінде әлеуметтік көмекке мұқтаж жүз отбасыға құрбандық еті үлестірілді.
Құрбан айттың алғашқы күні жүзеге асқан қайырымдылық шарасы өз жалғасын табатын болмақ. Айта кетейік, құрбандық етін үлестіру жұмыстары облысқа қарасты барлық аймақта жүзеге асырылуда.
Игі шараға дін қызметкерлері, жергілікті жамағат және еріктілер тобы ат салысты. Алла Тағала шынайы ниетпен құрбан шалып, мұқтаж отбасыларға мерекелік қуаныш сыйлап, сауапты іске ортақтасқаны үшін барлық азаматқа разы болғай!
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі