Center Image
IHSAN.KZ
«ҚҰРАН МӘҢГІ МҰҒЖИЗА» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
«ҚҰРАН МӘҢГІ МҰҒЖИЗА» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Қасиетті құрбан айт мерекесінің құрметіне орай Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұйымдастыруымен «Құран мәңгі мұғжиза» атты облыстық құран жарысы өтті.

Сайыстың ашылу шымылдығында Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Сәбит Базарбайұлы арнайы сөз алып, қатысушыларды құрбан айт мейрамымен құттықтап, Өзінің ыстық лебізін білдіре келе, сәттілік тіледі.  

Сайысқа  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Олжабек Мурсали, «Қазыбек би» мешітінің наиб имамы Дастан Абдрахманов және «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Асыл Көкешұлы төрелік етіп,сайысқа қатысушы шәкірттерге Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқуға қатысты  жарыс ережелерімен таныстырып өтті.

Бағалау барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. 

Сайыс Құран кәрімнің 29-30 паралары және 30 парасы бойынша өтіп, нәтижесінде:

29-30 паралар бойынша:
І орын Оңғарбай Мұхаммедәлі;
ІІ орын Арман Бақытбекұлы;
ІІ орын Шанжаұлы Арсен;
ІІІ орын Жомартұлы Арман;
ІІІ Ахметнұр Сұлтанбекұлы.

30 пара бойынша:

І орын Ондабай Дастан;
ІІ орын Ғалымжанұлы Кеңесжан;
ІІ орын Нұрғалиұлы Омар;
ІІІ орын Бекзат Абылай;
ІІІ Жанарбекұлы Бекболат;
ІІІ Сәбитұлы Азамат.

Сайыс жеңімпаздарына қаржылай сертификаттар мен мадақтама қағаздары табыс етілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz