Қасиетті құрбан айт мейрамының құрметіне орай ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті және Қарағанды облысының ұлттық қазақ күресі федерациясының бірлесіп ұйымдастыруымен «Қазақ күресінен» сайыс өтті.
Республикамыздың түкпір - түкпірінен келген палуандар 74 кг дейінгі салмақта бақ сынасты.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған палуандарға жүлделі орындар табысталып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын Тұрғанбекұлы Бейбарыс (500 000 теңге) Ақтөбе қаласы;
ІІ орын Бахдаулет Ерасыл (300 000 теңге) Тараз қаласы;
ІІІ орын Еренғайып Қылыш (100 000 теңге) Қарағанды обл, Қаражал қаласы
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі