Ислам әлемінің ең ұлық мейрамдарының бірі – Құрбан айт мерекесі Қарағандыда кең көлемде аталып өтті. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыруымен қасапхана ауласында арнайы киіз үй тігіліп, құрбан шалушыларға арнап қазан асылды.
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы игі іске ұйытқы болып, құрбандық рәсімін жүзеге асыруға ниет еткен жандарды қасиетті мерекемен құттықтап, өзінің ізгі тілегін жеткізді.
Сондай-ақ, құрбандық шалудың мәні мен шарттарын түсіндіріп, жиналған жамағатқа арнайы ақпараттық кітапшалар таратты.
Берекелі басқосуда Құран оқылып, ел мен жердің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі