ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылҚарағанды облысы өкілдігінде құрбан шалу офлайн және онлайн форматтарда жүзеге асып, 15 024 отбасыға құрбандық еті үлестірілді.
Құрбан айттың алғашқы күні арнайы белгіленген қасапханада киіз үй тігіліп, алғашқы құрбандық малының батасы жасалды. Ел мен жердің амандығы үшін дұға оқылып, құрбан шалуға ниет еткен азаматтарға арнап қазан асылып, дәм берілді.
«Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің үйлестіруімен жалпы өңір бойынша 2 792 бас мал құрбандыққа шалынды. Оның ішінде:
• Офлайн түрде: 2 210 қой, 377 ешкі, 136 ірі қара
• Онлайн платформа арқылы: 54 қой, 14 ешкі, 1 ірі қара
Жиналған құрбандық еті тек жекелеген отбасыларға ғана емес, әлеуметтік көмекке мұқтаж мекемелерге де жеткізілді. Атап айтқанда, қарттар үйі, балалар үйі, және қоғамдық ұйымдарға қайырымдылық себеттері таратылды.
Игі іске Қарағанды өңіріндегі дін қызметкерлері, еріктілер тобы және жергілікті жамағат белсене атсалысты. Бұл — тек құрбан шалу ғана емес, сауапты амалмен қатар, мұқтаж жандардың қуанышын еселеу.
Алла Тағала шынайы ниетпен құрбан шалып, қайырымдылыққа үлес қосқан барша азаматқа разы болғай!
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі