Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты Татан ауылының тұрғындары қасиетті құрбан айт мейрамын өз деңгейінде атап өтті.
Алдымен ауылдық мешітте айт намазы оқылып, ел мен жердің тыныштығы үшін дұға жасалды.
Мешіт имамы берекелі мейрамның қадір-қасиеті жайлы уағыз-насихат айтып, ауыл тұрғындарына өзінің ыстық лебізін білдірді.
Одан кейін, ұлық мейрам мешіт ауласында қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасын тапты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі