Center Image
IHSAN.KZ
Әйел-қыздар секторы: «Исламдағы бала тәрбиесі» атты семинар өтті
Әйел-қыздар секторы: «Исламдағы бала тәрбиесі» атты семинар өтті

«Дін мен дәстүр» бағыты аясында  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша әйел-қыздар секторының жауапты меңгерушісі, ұстаз Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен «Исламдағы бала тәрбиесі» атты семинар өтті. 

Семинардың алғы сөзін бастаған Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызы семинарға қатысушыларға ұйымдастырылған шараның мән-мақсатын айтып, Пайғамбарымыз Мухаммедтің ( оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бала тәрбиесіне қатысты хадистеріне тоқталып, Исламдағы жанұя тақырыбында насихат айтты. 

Семинарға Алматы қаласы «Бақыткелді» мешітінің ұстазы, триз педагог, бала психологы, ізгілік педагогикасы мұғалімі Қанатқызы Анара арнайы шақырылып,  «Баламен бақытты қарым қатынас құру » тақырыбында тренинг жүргізді.  Сонымен қатар, баланың жас ерекшеліктеріне байланысты мінез құлықтарындағы өзгерістерге , баламен қарым- қатынастағы қиындықтарды атап өтіп, дұрыс қарым қатынас жасаудың жолдарына тоқталды. 

Семинар соңында мамандар жамағаттардың сұрақтарына жауап берді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz