Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ: ӨРТ СӨНДІРУ МЕКЕМЕСІНДЕ ЖАТ АҒЫМҒА ҚАТЫСТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ҚАРАҒАНДЫ: ӨРТ СӨНДІРУ МЕКЕМЕСІНДЕ ЖАТ АҒЫМҒА ҚАТЫСТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

   Қарағанды қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты тақырыбы — «Дін мен дәстүр – ажырамас құндылықтар».

Жиынды ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, Қарағанды облысы бойынша жат діни ағымдардан сақтандыру және оңалту жұмыстарын үйлестіруші, теолог Кемербаев Данияр Ерікұлы жүргізді.

Кездесу барысында діни экстремизм мен радикализмнің қоғамға тигізер зияны, оның алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен асыл дініміздің өзара байланысы, олардың адам тәрбиесіндегі рөлі кеңінен сөз болды. Теолог Данияр Ерікұлы дәстүр мен діннің бір-бірінен ажырамайтынын, халықтың рухани тірегі екенін нақты мысалдар арқылы түсіндірді.

Шараға қатысушылар белсенділік танытып, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Әсіресе, діни сауаттылықтың маңыздылығы, радикалды идеологияның белгілері және одан қорғану тәсілдері кеңінен талқыланды.

Айта кетейік, аталған кездесуге бөлімнің жеке құрамынан 20 қызметкер қатысып, пайдалы мағлұматтар алды.

Мұндай шаралар алдағы уақытта да Қарағанды облысында жүйелі түрде жалғасатын болады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы рухани тұрақтылықты сақтауға және жат ағымдардың ықпалынан сақтандыруға үлкен үлес қосады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz