2025 жылғы 20 маусымда Приозерск қаласының Мансаптық орталығының қызметкерлері мен жұмыссыз азаматтар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған кездесу ұйымдастырылды.
«Дін мен дәстүр – ажырамас құндылықтар» тақырыбындағы шараны Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінің наиб имамы, Қарағанды облысы бойынша жат діни ағымдардан сақтандыру және оңалту бөлімінің жауапты маманы Кемербаев Данияр Ерікұлы жүргізді.
Кездесу барысында ұлттық дәстүр мен діни құндылықтардың өзара байланысы, олардың қоғамдағы орны жан-жақты түсіндіріліп, қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
Іс-шараға барлығы 15 адам қатысып, ұйымдастырылған басқосу қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайтуға және жастар арасында теріс діни ағымдардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі