2025 жылдың 20 маусымында Приозерск қаласының спортшыларымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған кездесу ұйымдастырылды.
«Дін мен дәстүр – ажырамас құндылықтар» тақырыбындағы шараны Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінің наиб имамы, Қарағанды облысы бойынша жат діни ағымдардан сақтандыру және оңалту бөлімінің жауапты маманы Кемербаев Данияр Ерікұлы жүргізді.
Кездесу барысында ұлттық дәстүр мен діни құндылықтардың өзара байланысы кеңінен түсіндіріліп, олардың қазіргі қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы талқыланды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Іс-шараға барлығы 7 адам қатысты. Мұндай кездесулер қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайтып, жастардың дәстүрлі құндылықтарды дәріптеуіне ықпал етеді.