Center Image
IHSAN.KZ
Приозерск қаласында мемлекеттік қызметкерлермен діни экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу өтті
Приозерск қаласында мемлекеттік қызметкерлермен діни экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу өтті

Приозерск қаласында мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмысы өтті.

«Дін мен дәстүр – ажырамас құндылықтар» тақырыбында өткен кездесуді Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінің наиб имамы, Қарағанды облысы бойынша жат діни ағымдардан сақтандыру және оңалту бөлімінің жауапты маманы Кемербаев Данияр Ерікұлы жүргізді.

Шара барысында ұлттық дәстүр мен діни құндылықтардың сабақтастығы кеңінен түсіндіріліп, олардың қоғамдағы орны мен маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.

Кездесуге 20 адам қатысты. Мұндай басқосулар халықтың діни сауаттылығын арттыруға, рухани тұрақтылықты нығайтуға және жастарды жат ағымдардың теріс ықпалынан сақтауға өз үлесін қосады.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz