Center Image
IHSAN.KZ
Приозерск: бірнеше мекемеде діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу шаралары жүргізілді
Приозерск: бірнеше мекемеде діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу шаралары жүргізілді

Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінің наиб имамы, Қарағанды облысы бойынша жат діни ағымдардан сақтандыру және оңалту бөлімінің жауапты маманы Кемербаев Данияр Ерікұлы жұмыс сапарымен Қарағанды облысына қарасты Приозерск қаласына барды.

Сапар барысында бірнеше мекеме ұжымымен, атап айтқанда, Мансаптық орталықтың қызметкерлері, спортшылар және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған түсіндіру кездесулері өткізілді.

«Дін мен дәстүр – ажырамас құндылықтар» тақырыбында өткен басқосуда ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтардың өзара байланысы, олардың қоғамдағы орны мен маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.

Мұндай кездесулер халықтың діни сауаттылығын арттыруға, рухани бірлікті нығайтуға және жат діни ағымдардың алдын алуға үлкен ықпал етеді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz