Center Image
IHSAN.KZ
Жамағатқа «Уақып қорының» маңыздылығы түсіндірілді
Жамағатқа «Уақып қорының» маңыздылығы түсіндірілді

Аптаның әр бейсенбі күні берекелі дастархан басында бас қосуды үрдіске айналдырған  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жамағаты дәстүрге айналған рухани кеште тағы бір мәрте бас қосты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында жүзеге асқан  шара барысында мешіт жамағатының құрметіне  берекелі дастархан жайылып, ас берілді.

Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кеште облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы  игі іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

Берекелі кеште тағы бір маңызды тақырып — «Уақып қорының маңыздылығы» көтерілді. 

Бұл жөнінде Қарағанды облысы бойынша «Уақып» қорының жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлы түсіндірме жасап, уақыптың қоғамдағы рөлін атап өтті.

Шара соңында жайылған дастархан басында Құран аяттары оқылып, еліміздің амандығы мен халқымыздың бірлігі үшін дұға жасалды.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz