Center Image
IHSAN.KZ
Приозерск: төтенше жағдайлар бөлімінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы жиын өтті
Приозерск: төтенше жағдайлар бөлімінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы жиын өтті

Қарағанды облысына қарасты Приозерск қаласының төтенше жағдайлар бөлімінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған түсіндіру кездесуі өтті.

«Дін мен дәстүр – ажырамас құндылықтар» тақырыбында ұйымдастырылған шараны Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінің наиб имамы, Қарағанды облысы бойынша жат діни ағымдардан сақтандыру және оңалту бөлімінің жауапты маманы Кемербаев Данияр Ерікұлы жүргізді.

Кездесу барысында ұлттық дәстүр мен діни құндылықтардың ажырамас байланысы кеңінен түсіндіріліп, дәстүр мен діннің қоғамдағы маңыздылығы мен орны жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, қазіргі таңда жастарды теріс діни ағымдардан сақтандыру жолдары, діни сауаттылықтың маңыздылығы және қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың мәні туралы нақты ақпараттар берілді.

Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты. Шараға барлығы 20 адам қатысты.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер халықтың діни сауатын арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамда рухани бірлікті нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz