Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасында кездесу өтті
Қарағанды облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасында кездесу өтті

ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Қарағанды облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасында қазіргі қоғамда өзекті мәселеге айналған лудомания (ойынқұмарлық), нашақорлық және суицидтің алдын алу мақсатында арнайы түсіндіру шарасы ұйымдастырылды.

Аталған кездесуге Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Аманжолов Сұлтан Мұратұлы арнайы шақырылып, мекеме қызметкерлеріне аталмыш қоғам дертіне қатысты кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өз сөзінде ұстаз адам өміріндегі діни және моральдық құндылықтардың маңызын атап өтіп, ойынқұмарлық, есірткіге тәуелділік пен өз-өзіне қол жұмсаудың жеке тұлғаға ғана емес, бүкіл қоғамға тигізетін зиянына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, дертке ұрынудың алдын алу жолдарын, оның ішінде діни сауаттылық пен рухани тәрбиенің рөлін түсіндірді.

– Лудомания, нашақорлық, суицид — қоғамымыздың тыныштығы мен дамуына кері әсерін тигізетін өте ауыр кеселдер. Бұндай мәселелердің алдын алу – тек құзырлы органдардың емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Әсіресе, діни тәрбиенің, отбасы құндылығының, адами қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуы — мұндай келеңсіздіктерге тосқауыл бола алады, – деді Сұлтан Мұратұлы.

Кездесу барысында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Түсіндіру жұмыстары еркін әрі ашық форматта өтті.

Айта кетейік, аталмыш профилактикалық шаралар Қарағанды облысында жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz