Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жазғы сауат ашу курсы аяқталды
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жазғы сауат ашу курсы аяқталды

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде маусым айынан бастау алған «Имани жаз-2025» атты жазғы сауат ашу  дәрісі  толық аяқталды.

Шараға облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, балаларға «Білім алудың артықшылығы» тақырыбында насихат айтып, аталған курсты бітіргені туралы анықтама қағазын табыстады.
Айта кетейік, үш аптаға созылған сауат ашу курсында облыстық мешітте жүзге жуық мектеп оқушысы діни сауат ашты.  Оқушыларға «Имандылық әліппесі», «Алланың 99 есімін жаттау», «Ислам әдептері», «Көркем мінезге тәрбиелеу», «Тазалыққа үйрету» және тағы басқа дәстүрге сай дәрістер жүргізілді. 

Мектеп оқушыларына арналған діни сауат ашу курстарында білікті ұстаздар, медресе түлектері дәрістер өткізді. 
Жабылу салтанатында  
дастархан жайылып, балаларға тегін балмұздақтар мен ойыншықтар таратылып, аниматорлармен көңілді ойын өткізілді.

Айта кетейік, «Имани жаз 2025» жазғы сауат ашу курсында облыс бойынша 450 бала сауат ашты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz