Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіде Борис есімді азамат Ислам дінінің ақиқат екеніне көз жеткізгенін білдіріп, мұсылман болуға ниет танытты.
Мешіт ұстазы Нұрбол Әділмұрат оған Ислам дінінің негіздері туралы кеңінен түсіндіріп, сенім қағидаларын баяндады. Азаматтың шынайы ықыласын ескере отырып, мешіттің наиб имамы оған кәлима шахадатты айтып, Ислам дінін қабылдатты.
Сондай-ақ, оған Исламдағы бес парыз және мұсылманның күнделікті өмірдегі міндеттері түсіндірілді.
Жаңа мұсылманға Алла Тағала тура жолды нәсіп етіп, иманын бекем етсін.