Center Image
IHSAN.KZ
Имани жаз: Қарағанды облысы бойынша 1 327 бала діни сауат ашты
Имани жаз: Қарағанды облысы бойынша 1 327 бала діни сауат ашты

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы бойынша өткен  «Имани жаз-2025» атты жазғы сауат ашу  дәрісінде  1 327 бүлдіршін Құран әліппесімен танысып, әдеп және имандылық дәрістерімен сусындады.

Курс барысында балаларға ислам әдебі, тазалық, ата-анаға құрмет, отанға сүйіспеншілік сынды адамгершілік құндылықтар дәріптеліп, әр мешітте қызықты ойындар мен танымдық жарыстар ұйымдастырылды.

Әр мешітте арнайы жабылу салтанаты өтіп, шәкірттерге ҚМДБ және мешіт атынан сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Имамдар мен ұстаздар балаларға ақ жол тілеп, ізгі тілек білдірді.

Айта кетейік, «Имани жаз» жобасы жыл сайын жазғы демалыс кезінде өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу, мешітпен байланысын нығайту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz