Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ: «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ 40 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
ҚАРАҒАНДЫ: «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ 40 ОТБАСЫҒА  КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.

Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының мұрындық болуымен өткен игі шара аясында облыстық «Әнет баба» мешітінде 40 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.

Атап айтқанда, әлеуметтік көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналар мен сырқат жандарға азық-түлікпен  көмек көрсетілді.

Игі бастама жергілікті кәсіпкерлер мен мешіт жамағатының демеушілігімен жүзеге асты. Қайырымдылық шарасы арқылы қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлыққа үндейтін ізгі ниет көрініс тапты.

Сауапты іс-шара өзара ынтымақ пен бірлікті арттырып, бауырмалдықты нығайтуға бағытталды.

ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz