Center Image
IHSAN.KZ
Қарағандылық ұстаз «Дала үні – Домбыра» атты І республикалық өнер фестиваліне қатысты
Қарағандылық ұстаз «Дала үні – Домбыра» атты І республикалық өнер фестиваліне қатысты

Қарағандылық ұстаз Астана қаласында еліміздегі түрлі діни бірлестік өкілдері арасында «Дала үні – Домбыра» атты І республикалық өнер фестиваліне қатысты.

Ұлттық домбыра күніне орайластырылған бұл ауқымды шара Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен, «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

Еліміздің рухани-мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналған өнер байқауы ұлттық өнерді насихаттауды, дәстүрлі мұраны жаңғыртуды және дін қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін арттыруды мақсат етті.

Аталған байқауға Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Асыл Көкешұлы қатысып,  домбыра үнімен қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, «Дала үні – Домбыра» байқауы дәстүрлі өнер мен діни руханиятты сабақтастырып, қоғамда ұлттық құндылықтардың жаңғыруына үлес қосып келеді.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz