Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне ұстаз тағайындалды
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне ұстаз тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне ұстаз тағайындалды.

Қасиетті жұмада Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Данияр Ерікұлы жамағатқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын таныстыра отырып, жаңадан тағайындалған ұстаз Аманжолов Сұлтан Мауратұлының қызметіне сәттілік тіледі.  

Жамағат атынан ақсақалдар батасын беріп, жаңа қызметкердің  ел игілігі мен дін игілігі жолындағы жұмысына береке тіледі.

 

Аманжолов Сұлтан Мауратұлы

 

Білімі:

  • 1999-2010ж. Әлихан Бөкейхан атындағы  қазақ орта мектебі. Қарағанды қаласы.
  • 2011-2014ж. «Астана медресесін» Исламтану мамандығы бойынша тәмамдады.
  • 2015-2018ж. «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде Исламтану  мамандығы бойынша бакалаврды тәмамдады.
  • 2022-2025ж. Түркия мемлекеті, Қайсери қаласы «Хасеки» академиясында білімін жетілдірді.

 

Жұмыс тәжірибесі:

 

  •  2015 ж. Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде ұстаз.
  • 2018-2022ж. Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде наиб имам.
  • 2018-2020ж. Қарағанды қаласы Жастар ресурстық орталығында теолог.
  • 2020-2022ж. «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының Қарағанды қаласындағы филиалында теолог.
  • 2021-2022ж. Қарағанды қаласы «Нұрлы білім» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек беру орталығында бас бостандағынан айыру мекемелерінде діни білім беру бағаты бойынша теолог.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz