ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Темірханов Асылхан Нұртайұлы Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы болып тағайындалды.
Қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Бұған дейін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған Темірханов Асылхан Нұртайұлының қажырлы қызметіне баға беріп, тәжірибелі имамның бұл жұмысты да табысты атқарарына сенім білдірді.
Сондай-ақ, «Қазыбек би» мешітінде бұған дейін бас имам қызметін абыройлы атқарып, жамағаттың бірлігі мен ұйымшылдығына үлкен үлес қосып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Маканов Сәбит Базарбайұлының жасаған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Сәбит Базарбайұлы білімін жетілдіру мақсатында Түркияның «Хасеки» академиясына оқуға аттанбақ.
Темірханов Асылхан Нұртайұлы
Білімі:
- 2009-2012 Астана медресе-колледж Исламтанушы (үздік диплом)
- 2013-2016 Нұр-Мүбарак ЕИМУ. Алматы қ. Бакалавр. Исламтанушы (үздік диплом)
- 2022-2025 «Хусамуддин Ас-Сығанақи» институты (Ислам ілімдері бөлімі)
Жұмыс тәжірибесі:
- 2012-2013 Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы «Жыржыс қажы» аудандық мешіті;
- 2016-2018 Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті;
- 2018-2020 Ақтөбе қаласы «Бақытжан» мешіті;
- 2020 – жылдан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі