Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылдық «Мұқаш Тұрсын» мешітінің имамы Бақтияр Есімбековтың ұйымдастыруымен «Дархан дала» жобасы аясында Байғозы батыр бабамыздың кесенесіне зиярат жасалды.
Іс-шара барысында бабаның рухына арнап Құран оқылып, дұға бағышталды. Мұндай тағылымды іс елдің рухани бірлігін нығайтуға және тарихты жас ұрпаққа насихаттауға септігін тигізеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы