Қарағанды облысы Абай аудандық орталық мешітінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған ақын өлеңдерін жатқа айту сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шара мешіт имамы Асхат Қанайұлының бастамасымен өтіп, жамағаттың белсенді атсалысуымен көркем сипат алды.
Қатысушылар хәкім Абайдың өнегелі өлеңдері мен ғибратқа толы қара сөздерін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Жарыс қорытындысында үздік өнер көрсеткен қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі