Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында кезекті игі істі жүзеге асырды.
Бұл жолы мешіт ұжымы зағип отбасындағы балаларды жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Оларға сөмке мен оқу құралдары сыйға берілді.
Айта кетейік, бұған дейін аталмыш мешіт көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 60 балаға мектепке арналған сөмке мен оқу құралдарын табыс еткен болатын.
– «Ілім алу жолындағы балаларға сәттілік тілейміз. Алла Тағала істеріңізге береке берсін», – деді мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы батасын беріп.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі