Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде Құран тәпсірі дәрістері жалғасып жатыр
«Бала қажы» мешітінде Құран тәпсірі дәрістері жалғасып жатыр

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде әр күні бесін намазынан кейін жамағатқа Құран тәпсірі бойынша тұрақты дәрістер жүргізіліп жатыр.


Рухани құндылықтарын арттырып, ілімін кеңейткісі келген тұрғындар мен мешіт жамағаты намаздан соң қалып, ұстаздардан тағылымды білім алады.


Дәрістерде Құран аяттары мен хадистерге сүйене отырып, түрлі мәселелер жан-жақты түсіндіріледі.


Осы аптада «Һуд» сүресінің 18-21-аяттарының тәпсірі айтылып келеді. Алдағы уақытта да қасиетті Құранға қатысты сабақтар жалғасын табады.


Мешіт ұжымы барша жамағатты бесін намазынан кейінгі дәрістерге қатысып, Құран ілімін меңгеруге шақырады.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz