Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты. Игі іс-шара аясында 30-дан аса отбасыға мектеп сөмкелері мен қажетті кеңсе тауарлары табысталды. Сонымен қатар отбасының тұрмыстық қажетіне орай киім-кешектер де үлестірілді.
Бұл қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдауды мақсат етеді.
ҚМДБ Қарағанды облысының баспасөз қызметі