Қарағанды облысына қарасты Балқаш қаласының Жастар ресурстық орталығында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
«Отбасы – салиқалы ұрпақ өсіретін алтын бесік» тақырыбында өткен басқосу қоғамда рухани тұрақтылықты сақтау, отбасы құндылықтарының маңыздылығын арттыру және жастардың діни тұрғыдан дұрыс түсінік қалыптастыруына арналды. Кездесу барысында отбасы институтын нығайтудың қазіргі замандағы өзектілігі айтылып, жастарға оны сақтаудың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бақырова Арай Серғалиқызы қатысып, отбасының діни және рухани құндылықтары жайында ой бөлісті.