Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы жамағатқа «Қажының рухани келбеті» атты тұғырнаманы жан-жақты түсіндірді.
Құжаттың негізгі мақсаты – қажылықтың мән-маңызы мен жауапкершілігін айқындап, қажыларға қойылатын талаптарды таныстыру. Онда бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне қатысты шешімдер де қамтылған.
Іс-шара барысында имам қажылық мәдениеті мен оны сақтау қағидаларына тоқталып, алдағы сапарға баратын жамағатқа бұл міндеттердің дұрыс түсіндіріліп, толық ұғынудың маңызын атап өтті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы