Қарағанды облысы Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай рухани іс-шара ұйымдастырылды.
Аудан имамы Берік Алпысбайұлының бастамасымен өткен басқосуда Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Асыл Көкешұлы Мәуліт оқып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен тағылымды деректерді жамағатқа әңгімелеп берді.
Сонымен қатар «Жанқұтты би» мешітінің ұстазы Қарубай Берікұлы уағыз айтып, Алла елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі ғұмыры жайында насихат жүргізді. Аудан имамы Берік Алпысбайұлы да жиналған қауымды имандылыққа, бірлік пен ізгілікке шақырды.
Жиын соңында ақсақалдар ақ батасын беріп, жамағат құрметіне дастарқан жайылды.
Бұл игі басқосу Мәуліт айының мәнін ұлықтап қана қоймай, жамағатты рухани бірлікке, ізгі амалдарға үндеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі