Center Image
IHSAN.KZ
Ақадыр кентінде «Әйелдердің әлеуметтік желідегі әдебі» атты семинар өткізілді
Ақадыр кентінде «Әйелдердің әлеуметтік желідегі әдебі» атты семинар өткізілді

Қарағанды облысы Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде «Әйелдердің әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.


Әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Рахманқызы әлеуметтік желіні пайдаланудағы мұсылман әйелдің ұстанымы мен әдептілігіне тоқталды. Ол өз сөзінде:


  1. Ұят пен ибаны сақтау;

  2. Исламға сай киім үлгісін ұстану, сурет жариялау мәселесі;

  3. Ер адамдармен қажетсіз сөйлесуден аулақ болу;

  4. Уақытты тиімді пайдалану;

  5. Өзі туралы артық мәлімет таратпау;

  6. Қоғамға пайдалы болу;

  7. Ниетті түзеу – сынды маңызды қағидаларды түсіндірді.


Сондай-ақ шәкірттер әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды тұстары жөнінде пікіралмасты.


Бұл жиын әйел жамағаттың әлеуметтік желіні дұрыс қолдануына бағыт беріп, әдеп пен ибаны сақтаудың маңызын айқындады.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz