Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жамағат игілігі үшін атқарылған жұмыстардың бірі – сыртқы негізгі қақпа жаңартылып, қайта орнатылды. Бұл игі іс мешіт имамы Рауан Төлеубекұлының бастамасымен, мешіт ұжымы мен жамағаттың қолдауымен жүзеге асты.
Жаңартылған қақпа құлшылық ордасының көркін арттырып қана қоймай, жамағатқа қолайлы жағдай жасауға бағытталды. Мешіт ұжымы қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс айтты.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі