Абай ауданына қарасты Топар кентіндегі «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы жүзеге асты.
Игі бастама аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж төрт отбасыға азық-түлік үлестірілді. Сондай-ақ мұқтаж жандарға демеу көрсету, қоғамда мейірімділік пен ізгілікті насихаттау сынды құндылықтарға ерекше мән берілді.
Кент имамы қайырымдылықтың маңызын және бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі