Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Тазалық – иманның жартысы» жобасы аясында жастар жамағатының қатысуымен жалпы тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мешіт ауласы мен ішкі аумақтары ретке келтіріліп, жамағат арасында ортақ жауапкершілік пен имандылыққа негізделген тәртіп мәдениетінің маңызы насихатталды.
Бұл бастама жастардың мешіт өміріне белсене араласуына, сондай-ақ қоғамға пайдалы ортақ істерге жұмылуына ықпал етті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі