Шет аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық әкімдікте жат ағым ықпалында жүрген азаматтармен кездесу өтті.
Жиынға аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы қатысып, жат ағымның зардаптары туралы насихат айтты. Имам діннің шынайы құндылықтарын түсіндіріп, дәстүрлі ислам жолының қоғам тұрақтылығындағы маңызын айтып берді.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды теріс діни ағымдардан сақтандыру, олардың зиянды ықпалын түсіндіру және жастардың діни танымын дұрыс арнаға бағыттау болды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі