Center Image
IHSAN.KZ
Еркіндік ауылдық мешітінің имамы мектеп оқушыларымен кездесті
Еркіндік ауылдық мешітінің имамы мектеп оқушыларымен кездесті

Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылдық «Мұқаш Тұрсын» мешітінің имамы Бақтияр  Есімбеков  мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.


Кездесу барысында имам оқушыларға «Адал еңбек – рухани байлықтың негізі» тақырыбында насихат айтып, еңбектің қадір-қасиеті мен маңызын түсіндірді.


Сонымен қатар жастарды теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, олардың қоғамға тигізетін зардаптары туралы түсіндірме жүргізді.


Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа адал еңбектің артықшылығын ұғындыру, еңбек арқылы жетістікке жетудің жолын көрсету, сондай-ақ діни сауаттылықты арттырып, жат ағымның алдын алу болды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz