Center Image
IHSAN.KZ
Қарағандыда «Төлеутай ата» мешітінде дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік өтті
Қарағандыда «Төлеутай ата» мешітінде дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік өтті

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде дүниежүзілік тазалық күні аясында кең көлемді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Шара барысында мешіт ғимаратының ішкі- сыртқы тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, мешіт ауласындағы тас жолдар жөнделіп, қоршаған ортаға күтім жасалды.

Игі іске мешіт жамағаты белсене атсалысып, бірлескен еңбектің арқасында мешіттің сыртқы көрінісі одан әрі көркейе түсті. Сенбіліктің басты мақсаты – Алланың үйін таза ұстау, жамағатты ізгі істерге жұмылдыру және қоғамда экологиялық мәдениетті арттыру болды.

Бұл шара жамағаттың бірлігін нығайтып қана қоймай, жастарға үлгі болып, ортақ іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиеледі.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz