Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде тазалық жұмыстары атқарылды
«Бала қажы» мешітінде тазалық жұмыстары атқарылды

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Дүниежүзілік тазалық күніне орай ҚМДБ-ның «Тазалық – иманның жартысы» жобасы аясында жалпы тазалық жұмыстары жүргізілді.


Мешіттің шырайын арттыру мақсатында санитарлық жұмыстармен қатар, көріктендіру ісі де қолға алынды. Мешіт имамы Нуров Махмуд қажының ұйымдастыруымен мешітке кіреберіс аумақ, автотұрақ және сыртқы қоршаулар тазартылды.


Ұжымдаса атқарылған бұл игі іс-шара қызметкерлердің ауызбіршілігін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты. Мешіт қызметкерлерінің еңбегін көрген шәкірттер мен жамағат тазалыққа мән беріп, дінімізге деген құрметтің арта түсуіне ықпал етті.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz