Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің имамы Азамат Төлеуханұлы қасиетті Мәуліт айына орай Қарағанды қалалық «Әл-Мәшани» мешітінде өткен рухани кешке қатысты.
Іс-шара аясында имам жамағатқа «Адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммад (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)» тақырыбында тағылымды уағыз айтты. Насихат барысында Пайғамбарымыздың көркем мінезі, адамзатқа жеткізген асыл өнегесі, ислам өркениетінің рухани құндылықтары кеңінен түсіндірілді.
Жиынның негізгі мақсаты – Мәуліт айының рухани мәнін дәріптеу, жамағатты ардақты Елшінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі ғұмырынан тағылым алуға үндеп, имандылық пен ізгілікті арттыру болды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы