Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мешіт ауласы күл-қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Жамағат белсенді түрде атсалысып, Алланың үйін таза ұстауға өз үлесін қосты.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – мешіт ауласын таза ұстау, жамағатты бірлікке шақыру және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға үлгі көрсету болды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі