Center Image
IHSAN.KZ
«Адамзаттың асылы – жүрегімде мәңгілік» қайырымдылық акциясы жалғасуда
«Адамзаттың асылы – жүрегімде мәңгілік» қайырымдылық акциясы жалғасуда
Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының бастамасымен қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай ұйымдастырылған
«Адамзаттың асылы – жүрегімде мәңгілік» атты қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда.

Игі шара аясында мешіттің жанашыр жомарт жандарының демеушілігімен мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, бүгін тағы да екі отбасыға қуаныш сыйланды. 

Отбасыларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері үлестіріліп, олардың жүздеріне қуаныш пен шаттық сыйланды.

Бұл қайырымдылық шарасының басты мақсаты – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өнегелі өмірін дәріптеу, мұсылман қауымын ізгі амалдарға шақыру және көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету.

Мешіт ұжымы атынан қайырымдылық ісіне атсалысып жатқан барлық жанашыр жандарға алғыс айтылып, Алла Тағала жасаған ізгі істерін сауаптан жазсын деген тілектер білдірілді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz