Қарағанды
қалалық «Әл Машани» мешітінде «Ізгі қоғам» жобасы аясында қайырымдылық шарасы
жүзеге асты.
Мешіт
жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мирас Ерланұлының
ұйымдастыруымен Сұрыптау кентіндегі теміржол депосында ашылған жаңа намазханаға
арнайы кілем сыйға тартылды.
Бұл
игі бастама – мешіт ұжымының жамағат игілігіне жасаған қамқорлығының бір
көрінісі. Намазханаға тарту етілген кілем жамағаттың құлшылық жасауына қолайлы
жағдай туғызары сөзсіз.
Шара
соңында мешіт ұжымы мен жамағат қайырымдылыққа үлес қосқан азаматтарға
ризашылық білдіріп, Алла Тағала сауаптан жазсын деген тілектерін жеткізді.