Center Image
IHSAN.KZ
Ақтоғай ауданында жастарға жат ағымдар жайлы түсіндірілді
Ақтоғай ауданында жастарға жат ағымдар жайлы түсіндірілді
Ақтоғай ауданында жастарға арналған кездесу өтті. Жат діни ағымдардан сақтандыру бағыты бойынша Ақтоғай ауданының имамы Еркін Әуелбекұлы аудан орталығындағы Әлихан Бөкейхан және Күләш Байсейітова мектептерінің оқушыларымен кездесті. 

Кездесу барысында «Жастардың діни сауаттылығы және интернет қауіптілігі» тақырыбы қозғалып, оқушыларға дұрыс діни білім алудың маңызы, дәстүрлі құндылықтарды сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ интернет кеңістігіндегі жалған ақпараттар мен күмәнді діни мазмұндарға сақ болу жөнінде кеңестер берілді. 

Іс-шара соңында оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, имам тарапынан жан-жақты жауап алды.

 ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz