Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас кентінің мешітінде имам Шарифулла Шадиевтің ұйымдастыруымен Пайғамбарымызға арнап Мәуліт оқылды.
Іс-шара барысында жамағатпен діни тағылымдық әңгіме жүргізіліп, қатысушылардың көкейіндегі сауалдарына жауап берілді. Жиналғандарға сыйлықтар таратылып, қуанышқа бөленді.
Мәуліт мерекесін өткізу – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өнегелі өмірін ұлықтап, қоғамды ізгілік пен бірлікке шақырудың айқын көрінісі болды. Жергілікті жамағат осындай рухани басқосулардың жиі ұйымдастырылып тұрғанына ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы