Қарағанды қаласының «Әл-Машани» мешітінде әйелдер жамағатына Мәуліт мерекесі аталып өтті.
Мешіт ұстаздары Бақытгүл Айтқалиқызы мен Гүлнұр Қаныбекқызының ұйымдастыруымен өткен рухани кешті мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы ашып, жамағатқа Мәуліттің маңыздылығы мен Пайғамбарымыздың ﷺ қадір-қасиеті туралы уағыз айтты.
Сонымен қатар мешіт ұстаздары жамағатқа «Пайғамбарымызға ﷺ деген махаббат», «Қоштасу қажылығы» тақырыптарында насихат айтты. Кішкентай шәкірттер өлең оқып, Алла Елшісіне ﷺ деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Сондай-ақ Пайғамбарымыз ﷺ құрметіне Мәуліт жыры оқылды.
Жамағат Алла Елшісінің ﷺ Исламды толық жеткізіп, тарихта «Қоштасу құтпасы» деген атпен қалған соңғы өсиетін тыңдап, көздеріне жас алды. Кеш соңында мешіт шәкірттері оқыған хатым Құран дұғасымен аяқталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы