Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының бастамасымен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбы аясында сенбілік шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында зират басында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоршаған орта абаттандырылды. Игі іске мешіт жамағаты мен дін қызметкерлері белсене атсалысты.
Имам Рауан Төлеубекұлы бұл бастаманың мақсаты – ата-бабалар рухына құрмет көрсету, жастарға өнеге болу және қоғамда тазалық пен ізгілікке шақыру екенін атап өтті.
«Өткенді қастерлеу – бүгінгі ұрпақтың парызы. Біз осындай шаралар арқылы имандылық пен рухани құндылықтарды дәріптейміз», – деді имам өз сөзінде.
Жамағат өкілдері де мұндай сенбіліктердің маңызы зор екенін айтып, алдағы уақытта жалғасын табарына сенім білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы