Қарағанды облысы Абай аудандық орталық мешітінде тазалық және көркейту мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Шара барысында мешіт ауласы тазаланып, ағаштар мен гүлзарлар ретке келтірілді. Сонымен қатар, жамағат пен ерікті жастар да атсалысып, мешіт аумағының тазалығы мен көркін арттыруға үлес қосты.
Сенбіліктің негізгі мақсаты — мешіт аумағында тазалық сақтау, жамағат арасында ұқыптылық пен ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру болды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі